Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының
Қаулысы
Есіл қ. 2022 жылғы 30 наурыз
Есіл ауданының Есіл қаласында
қаланың салынып жатқан
солтүстік бөлігінің егжей-тегжейлі
жоспарлау жобасымен біріктірілген
бас жоспарына сәйкес Есіл
қаласын дамуы туралы
Есіл қаласының әкімі Г.М. Айтмұхаметовтың ақпаратын тыңдаған тұрақты комиссиялар қалада оны дамыту бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес қаланың солтүстік бөлігінде 45 пәтерлі төрт тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда бір 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Пәтерлерді Отбасы банкінің салымшыларына 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Есіл қаласының әкімдігі» мемлекеттік мекемелеріне:
- аудан тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайтын басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйлер салу мүмкіндігін қарастыру;
- «Есіл қаласы Северный шағын ауданы 6 мекен-жайы бойынша 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы» жобасын іске асыруды тұрақты бақылауда ұстасын;
- 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді бөлу бойынша тұрғындар арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.
Тұрақты комиссияның төрайымы Л. Клименко