Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 18 наурыз № 22/2
Есіл қаласы
Есіл ауданында
«Білімді ұлт» сапалы
білім беру» ұлттық
жобасын іске асыру туралы
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Р. Полюхтің Есіл ауданында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру туралы ақпаратын тыңдап және талқылаған аудандық мәслихат бағдарламаны іске асыру шеңберінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.
Есіл ауданында 25 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 20 шағын орталық және 5 балабақша. Есіл қаласында 4 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді: 1 шағын орталық, 3 бөбекжай, қалған 21 мектепке дейінгі балалар ұйымы-ауылдық жерлерде. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың контингенті – 833 тәрбиеленуші (541 бөбекжайда, 292 шағын орталықта).
Есіл ауданы бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 92,3 %, 2 жастан 6 жасқа дейінгі 97,6%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 98,7% құрайды.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жалпы контингенті 3505 болатын 28 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 19 орта мектеп (оқушылар контингенті 3286), 5 негізгі мектеп (контингенті 191 оқушы), 4 бастауыш мектеп (контингенті 36 оқушы). Есіл ауданының аумағында 23 шағын жинақты мектеп бар.
2021 жылдың 1 қыркүйегіне Есіл білім беру бөлімі баспалармен жалпы сомасы 40161000 теңгеге оқулықтарды сатып алуға және қосымша сатып алуға 17 шарт жасасты. Оқулықтармен қамтамасыз ету 100%.
Есіл ауданының 28 білім беру ұйымында ыстық тамақ ұйымдастырылды, оның ішінде екі мектепте буфеттік тамақтану (Құмай негізгі мектебі, Алматы бастауыш мектебі).
2021 жылғы 22 қыркүйекке әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың саны (ҚР Үкіметінің 25.01.2008 ж. № 64 қаулысына сәйкес) – 503 баланы құрады, оның ішінде 1 – сынып оқушылары-39 бала, осы санаттағы барлық 503 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Ауданда 1-ші сынып оқушыларының саны – 337 бала, барлық 1-ші сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған.
«Жалпы білім беретін орта мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әлеуметтік қорғалмаған (аз қамтылған) отбасылардан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды 100% тегін тамақпен қамту қамтамасыз етілді.
Ауданның 6 мектебінде (№1 ЖОМ,№2 ЖОМ,№3 ЖОМ, С. Серікова атындағы, Свободный ЖОМ және Красивинский ЖОМ) тамақтандыру мемлекеттік сатып алуды өткізу жолымен ұйымдастырылды, жалпы оқыту қорының қаражаты есебінен 20757,1 млн.теңге сомасына тиісті шарттар жасалды. Аталған мектептерде ыстық тамақпен қамтылғандар саны-279, 1-сыныпта - 201 оқушы.
Аудандағы ауыл мектептерінің 521 оқушылары шаруашылық субъектілері есебінен тегін тамақтанады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізгі міндеттерін іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
1) балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, мектепке дейінгі білім берудің сапалы қызметтерін ұсыну бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;
2) жалпы білім беру сапасын жақсарту, балаларды қосымша біліммен қамту бойынша шараларды қабылдау:
- аудан мектептерінде цифрлық инфрақұрылымды толыққанды пайдалану үшін Интернет жылдамдығын 8 Мбит/сек дейін арттыру үшін қаражат іздестіру;
- сымсыз интернетті ұсыну бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту;
- Юбилейный, Свободный жалпы орта білім беретін мектептері үшін биология, химия кабинеттерінің жабдықтарын сатып алу;
3) мектептерді жайлы және қауіпсіз білім беру ортасымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру:
- Интернациональный, Заречное, Юбилейная, Свободный жалпы орта білім беретін мектептеріне өсу реті бойынша жиһаз сатып алу;
-8 ауылдық мектепте ведомстводан тыс күзет батырмаларын орнату.
4) ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты аудандық мәслихатқа 2022 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұсынылсын.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева