Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2022 жылғы 18 наурыз № 22/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл ауданында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 15/3 «Есіл ауданының жер салығының мөлшерлемелерін және тұрғын үй қоры, соның ішінде жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы» шешіміне өзгерісті енгізу туралы.
- Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева