Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2022 жылғы 14 ақпан                                                                           № 20/1

Есіл қаласы                                                                                                

 

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Есіл қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы.
  2. Есіл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 24/5 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Есіл ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  3. Есіл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 26/2

«Есіл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

 

 Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ағымбаева

 

Дата публикации
24 февраля 2022