Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Есіл қ. 2022 жылғы 31 қаңтар
ТКШ инфрақұрылымын, су
және жылумен жабдықтау
желілерін жаңғырту бойынша
жүргізіліп жатқан жұмыстар
және Есіл ауданындағы тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
саласындағы проблемалық
мәселелерді шешу туралы
«Есіл ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі В.А. Нұртдинованың ақпаратын тыңдап:
аудан аумағында 30 елді мекен, оның ішінде 28 елді мекенде орталық сумен жабдықтау бар. Игілік және Речное ауылдарында орталық сумен жабдықтау жоқ.
Сумен жабдықтау объектілерін жаңғырту мақсатында су құбырларын жөндеуге 2021 жылы аудандық бюджет қаражатынан 2 142 800 теңге бөлінді:
- Сурган ауылындағы су құбырының тереңдік сорғысына кабельді ауыстыру – 232 200 теңге;
- тереңдік сорғыларды сатып алуға-1 910 600 теңге.
Сондай-ақ 2021 жылы Ақсай ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
2022 жылға ауданның сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту мақсатында Заречное ауылының су құбырын қайта жаңарту және Игілік селосын қайта жаңарту жүргізілетін болады. Ақсай ауылының су құбырын қайта жаңарту жұмыстары аяқталады.
Есіл қаласының орталық кәріз жүйесі 1980 жылы салынып, пайдалануға берілді және 36 жылдан астам үздіксіз пайдалануда.
Кәріз желісінің ұзындығы 12,9 км, ұзындығы 5,4 км өздігінен ағатын кәріз жүйесі бар.
Сарқынды суларды айдауды екі кәріз станциясы (КСС-1 және КСС -2) және 1 айдау станциясы жүргізеді. Ағынды суларды қабылдау және тазарту жүйесі апатты жағдайда, желілердің тозуы 80% - дан асады.
Орталық кәрізге қосылған тұтынушылардың жалпы саны 1065 абонентті құрайды.
Есіл қаласының орталық қазандығы 2018 жылы пайдалануға берілді. Қазандық жабдықтары жаңа және жаңартылған болып табылады. Қазандық көмір жеткізудің автоматтандырылған галереясымен, автоматтандырылған күл шығару жабдығымен және автоматтандырылған қоректендіру құралымен жабдықталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Есіл ауданы әкімдігінің:
- жоғары тұрған органдарға жолданған әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды шешу үшін ақшалай қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер, депутаттардың проблемалық мәселелерді шешуге уақтылы қатысуы үшін аудандық мәслихат депутаттары мен облыстық мәслихат депутаты А. Жорабекке қайталап ұсыну.
2) Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне, «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК:
- 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге және орталық қазандықты, магистральдік жылу жүйелерін 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындауға кірісу;
- көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен дұрыс қосылмаған үйішілік (пәтерлік) тарату жылу жүйесінің жылу режиміне теріс әсері туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуді жалғастыру;
- тұрғындардың шағымдарын болдырмау, Есіл қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын болдырмау үшін су бұру жүйесінің проблемалы учаскелерін тұрақты бақылауда ұстау қажет.
Тұрақты комиссияның төрайымы Л. Клименко