Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың 2022 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

 Ақмола облыстық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

  

2022 жылғы 24 қаңтардағы № 1/180   

 Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың 2022 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

 Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 33 бабының 1-1, 2-1 тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері 1-3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

Кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле -, радиоарналардағы жарияланымдар көлемін дербес қайта бөледі.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

        

Сайлау комиссиясының төрағасы                                  М.Садуов

   Сайлау комиссиясының хатшысы                                        Н.Политкин

 

 

2022 жылғы 24 қаңтардағы

№ 1/180 қаулыға 1 қосымша

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 2000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері

 1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялау – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) сөйлеу 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) бағдарламамен радиода сөйлеу 10 минут – 10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару – 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалдау – 10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына қарай) – 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында.

 

 2022 жылғы 24 қаңтардағы

№ 1/180 қаулыға 2 қосымша

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 2001-ден 5000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері

 1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялау – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) сөйлеу 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) бағдарламамен радиода сөйлеу 10 минут – 10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару – 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалдау – 10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (округтегі елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына қарай) – 30 000 (отыз мың) теңге сомасында.

 

2022 жылғы 24 қаңтардағы

№ 1/180 қаулыға 3 қосымша

 Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 5000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері

 1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялау – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) сөйлеу 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) бағдарламамен радиода сөйлеу 10 минут – 10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару – 80 000 (сексен мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалдау – 10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (округтегі елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына қарай) – 50 000 (елу мың) теңге сомасында.

 

Дата публикации
09 февраля 2022