Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/7 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы бюджетке мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 2022 жылғы 31 қаңтар                                                                                                       № 19/9

Есіл қаласы                                                                                                

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

2021 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 17/7 «Есіл ауданы әкімдігінің

жанындағы бюджетке мемлекеттік

кірістер түсімдерін ұлғайту

мәселелері жөніндегі жұмыс

комиссиясының құрамын бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес және Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № а-1/5 қаулысы негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/7 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы бюджетке мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

жұмыс комиссиясының құрамына, жұмыс комиссиясының мүшесі енгізілсін:

         Жаслан Меңдібайұлы Сағатов – «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);

         Т.Н. Коваленко құрамынан шығарылсын;

         көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

               

 

     Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ағымбаева

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

2022 жылғы 31 қаңтардағы

№ 19/9 шешіміне   

қосымша

 

 Есіл ауданы әкімдінің жанындағы бюджетке мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясын құрамы

  

Баяхметов

Еркебұлан Еркешұлы

Есіл ауданының әкімі,

жұмыс комиссияның төрағасы 

 

Мақсұмхан

Асқарбек Мақсұмханұлы

 

Есіл ауданы әкімінің орынбасары,

жұмыс комиссиясы төрағасының орынбасары  

   

Нұрахметова

Ғалия Мырзағалиқызы

«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы                                                                                                                                                              

                                       

     Комиссия мүшелері 

Саматов

Нұрлан Мәжитұлы

 

Есіл ауданы әкімінің орынбасары

Сағатов

Жаслан Меңдібайұлы

«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша)

 

Серікова

Гүлнара Досмағанбетқызы

«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Дата публикации
07 февраля 2022