Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/6 «Есіл ауданының бюджетін қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 2022 жылғы 31 қаңтар                                                                                                       № 19/8

Есіл қаласы                                                                                                

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

2021 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 16/6 «Есіл ауданының

бюджетін қалыптастыру

жөніндегі бюджеттік

комиссияның құрамын

бекіту туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № а-1/4 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/6 «Есіл ауданының бюджетін қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамына комиссия мүшесі енгізілсін:

Жаслан Меңдібайұлы Сағатов – «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);

Т.Н. Коваленко құрамынан шығарылсын;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ағымбаева

 

 

 

Есіл аудандық маслихатының

2022 жылғы 31 қаңтардағы

№ 19/8 шешіміне

1 қосымша

 

 

Есіл ауданының бюджетін қалыптастыру жөніндегі

бюджеттік комиссиясының құрамы

                                                           

Баяхметов

Еркебұлан Еркешұлы

 

Есіл ауданының әкімі,

комиссия төрағасы           

                                                                              

Мақсұмхан

Асқарбек Мақсұмханұлы

 

Есіл ауданы әкімінің орынбасары,

комиссия төрағасының орынбасары               

Нұрахметова

Ғалия Мырзағалиқызы

«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы                                                                                                                                                              

 

Комиссия мүшелері

 

Қасенов

Бахтияр Жайлаубайұлы

 

Есіл ауданы әкімінің орынбасары

 

Кекенова

Анар Сембайқызы

«Nur Оtаn» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

(келісім бойынша)

 

Клименко

Лариса Ивановна

 

Есіл аудандық мәслихатының депутаты

(келісім бойынша)

Мұсабаев

Жарасбек Хамитбекұлы

 

Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы

 

Сағатов

Жаслан Меңдібайұлы

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша)

 

 

Саматов

Нұрлан Мәжитұлы

 

Есіл ауданы әкімінің орынбасары

 

Серікова

Гүлнара Досмағанбетқызы

«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

 

Дата публикации
07 февраля 2022