Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

2022 жылғы 31 қаңтар                                                                 № 19/6

Есіл қаласы                                                                                                

 

 

Есіл ауданы әкімдігінің

жанындағы тарихи-мәдени

мұра мәселелері жөніндегі

аудандық комиссияның

құрамын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № а-1/6 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның қоса беріліп отырған құрамы бекітілсін.
  2. Есіл аудандық мәслихатының шешімдері жойылсын:
  • Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/6 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы Есіл ауданы аумағындағы тарих, мәдениет, сәулет, археология, монументалды өнер ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешімі;
  • Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 1 маусымдағы № 71/5 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы Есіл ауданы аумағында тарих, мәдениет, сәулет, археология, монументалды өнер ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешімі.
  1. Шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ағымбаева

 

 Есіл аудандық мәслихаттың

2022 жылғы 31 қаңтардағы

№ 19/6 шешіміне

1 қосымша

 

 

Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тарихи-мәдени мұра

мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

  

 

Саматов

Нұрлан Мәжитұлы

Есіл ауданы  әкімінің орынбасары,

комиссия төрағасы

 

 

Байғалым

Бейбітгүл

«Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары

 

 

Елеусізова

Әсемгүл Болатқызы

«Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы

 

Комиссия мүшелері

 

 

Ағымбаева

Сәуле Кәмелқызы

 

Айтмұхамбетов                      

Ғазиз Мұхитұлы

 

Жүсіпбеков

Дәулет Ақанұлы

 

Кекенова

Анар Сембайқызы

 

Мұсабаев

Жарасбек Хамитбекұлы

 

 

Есіл аудандық мәслихатының хатшысы

(келісім бойынша)

 

Есіл ауданы Есіл қаласының әкімі

 

 

Есіл аудандық мемлекеттік архивінің директоры (келісім бойынша)

 

«Nur Otan»  партиясы Есіл филиалы  төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

 

Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы

 

 

Омарова                                                             

Алма Бәкенқызы

 

 

 

 

Өсіпов

Серғали Молдахметұлы

 

 

Тойшыбеков

Байдилла Жорабекұлы

 

 

«Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

 

«Ақмола облысының Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Есіл аудандық филиалының төрағасы

(келісім бойынша)

 

«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 февраля 2022