Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 2022 жылғы 31 қаңтар                                                                                                       № 19/1

Есіл қаласы                                                                                                

 

 

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  2. Есіл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы.
  3. Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/3 «Есіл аудандық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамын бекіту туралы.
  5. Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы.
  6. Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 52/9 «Есіл ауданы әкімдігі жанынан қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/6 «Есіл ауданының бюджетін қалыптастыру жөніндегі бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8. Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/7 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы бюджетке мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/9 «Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                           С. Ағымбаева

 

Дата публикации
07 февраля 2022