Бүкіләлемдік сайлау күні

3  ақпан 2022 жылы Дүниежүзілік сайлау күні  аталып өтіледі.  Бұл күнді 14-17 қыркүйекте  Будапеште өткен сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференция аясында бекітілген. Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының  бастамасымен жыл сайын  ақпанның бірінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді.

Сайлау халықтық егемендікті жүзеге асырудың, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен білдірудің, мемлекеттік тетіктің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады. Біздің елдегі сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы арқылы жүзеге асырылады. Азаматтар сайлауда дауыс беруге тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан 18 жасқа толғанда қатысады. Негізгі сайлау құқығы тең, тікелей және жанама сайлау құқықтарын, дауыс беру құпиясын қамтуы керек.

Елдегі барлық сайлау қоғамның бақылауымен өтеді, ал Қазақстандағы сайлау институты үнемі жетілдіріліп отырады.

"Сайлау туралы" Заңға енгізілген соңғы өзгерістердің бірі халықты басқару жүйесіне нақты қатысуға тартуға мүмкіндік берген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлау институтын енгізу болды.

Есіл аудандық сәйлау комиссисы

 

 

Дата публикации
03 февраля 2022