Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 2021 жылғы 23 желтоқсан                                                                                                № 17/4

Есіл қаласы                                                                                                

 

Есіл аудандық мәслихатының

2022 жылға арналған жұмыс

жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Есіл аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылға арналған қоса беріліп отырған   жұмыс жоспары бекітілсін. 
  2. Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының бұдан бұрын 2020 жылғы 24 желтоқсанда қабылдаған № 81/6 «Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған  жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешімі  жойылсын.
  3. Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарында көзделген шаралардың орындалуын бақылау, аудандық мәслихаттың аппарат басшысына жүктелсін.
  4. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ағымбаева

 Есіл аудандық мәслихатының

2021 жылғы 23 желтоқсандағы

    №  17/4 шешімімен

бекітілді

 

Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған

ЖОСПАРЫ

 Аудандық мәслихат сессияларында:

 1 – тоқсан

  1. Есіл ауданында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы
  • – тоқсан
  1. 2021 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы
  2. Есіл ауданындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жай-күйі және алдын алу туралы

 3 – тоқсан

  1. Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерін орындауы туралы есебі   

        4 – тоқсан

  1. 2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
  2. Есіл ауданының кәсіпкерлер палатасының бизнесті дамытуға бағытталған міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметі туралы

4 – тоқсан

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы

 

  

Дата публикации
05 января 2022