Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

2021 жылғы 23 желтоқсан                                                                                                № 17/1

Есіл қаласы                                                                                                

 

 

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2022-2024 жылдарға аудандық бюджет туралы.
  2. Медициналық - санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, халықты дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету және басқалар туралы ақпарат берді.
  3. Есіл аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  4. Аппараттың құрылымы мен штатын, аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге, оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстарды 2022 жылға бекіту туралы.
  5. Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 81/5 «2021-2025 жылдарға арналған Ақмола облысы Есіл ауданы аумағын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.
  6. Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы бюджетке мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамын бекіту туралы.
  7. Есіл ауданы әкімдігінің жанынан терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы.
  8. Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тіл саясаты жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы.
  9. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ағымбаева

 

Дата публикации
05 января 2022