Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2021 жылғы 13 желтоқсан № 16/2
Есіл қаласы
Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды
ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін,
олардың шекті толу нормаларын,
сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды
материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық
қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және
пикеттеуді өткізуге тыйым салынған
іргелес аумақтардың шекараларын
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Есіл аудандық мәслихат
хатшысының уақытша
өкілеттілігін жүзеге асырушы Л. Клименко
|
Есіл аудандық маслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/2 шешіміне 1 қосымша
Есіл аудандық маслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/3 шешіміне 1 қосымша
|
Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды
ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
Набережная және Молодежная көшелерінің қиылысынан Набережная көшесі бойынша 9-ғимаратқа дейін.
Тәуелсіздік және Новая көшелерінің қиылысынан Тәуелсіздік көшесі бойынша орталық стадионға дейін.
Есіл аудандық маслихатының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 16/2 шешіміне
2 қосымша
Есіл аудандық маслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 82/3 шешіміне
2 қосымша
Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін
арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1) «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Есіл қаласы, Гагарин көшесі, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 100 адам;
2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Есіл қаласы, Гагарин көшесі, № 39 үйден № 1 үйге дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
3) орталық стадион алаңы, Есіл қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 1/1, шекті толу нормасы 80 адам;
4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Есіл қаласы, Абылай хан және Ғарышкерлер көшелерінің қиылысынан орталық стадионға дейін, шекті толу нормасы 80 адам;
5) «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Ақсай ауылы, Ленин көшесі, 1 ғимарат, шекті толу нормасы 60 адам;
6) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақсай ауылы, Ленин көшесі, «Березка» дүкенінен ауылдық клуб алаңына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;
7) Промзона көшесі бойынша 1 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Бұзылык ауылы, шекті толу нормасы 70 адам;
8) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Бұзылық ауылы, Рассветная көшесі, «Бахыт» дүкенінен Промзона көшесінің 1 ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 70 адам;
9) «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйі ғимараты жанында орналасқан алаң, Двуречный ауылы, Производственная көшесі, 22 ғимарат, шекті толу нормасы 50 адам;
10) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Двуречный ауылы, Производственная көшесі, № 1 үйден ауылдық клуб алаңына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
11) Ленин көшесі бойынша 15 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Жаныспай ауылы, шекті толу нормасы 50 адам;
12) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Жаныспай ауылы, Ленин және Юбилейная көшелерінің қиылысынан Ленин көшесі бойынша 15 ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
13) «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйі ғимараты жанында орналасқан алаң, Заречный ауылы, Бейбітшілік көшесі, 10 ғимарат, шекті толу нормасы 100 адам;
14) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Заречный ауылы, Тәуелсіздік және Жеңіс көшелерінің қиылысынан Бейбітшілік көшесінің 10 ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
15) «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты жанында орналасқан алаң, Знаменка ауылы, Центральная көшесі, 2 ғимарат, шекті толу нормасы 80 адам;
16) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Знаменка ауылы, Центральная және Мира көшелерінің қиылысынан Центральная көшесі бойынша ауылдық клуб алаңына дейін, шекті толу нормасы 80 адам;
17) Ленин көшесі бойынша 9 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Интернациональный ауылы, шекті толу нормасы 70 адам;
18) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Интернациональный ауылы, Ленин көшесі, № 38 үйден 9 ғимаратқа дейін, шекті толу нормасы 70 адам;
19) «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Есіл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Мәдениет үйі ғимараты жанында орналасқан алаң, Қаракөл ауылы, Набережная көшесі, 9 ғимарат, шекті толу нормасы 50 адам;
20) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қаракөл ауылы,
Набережная және Молодежная көшелерінің қиылысынан Набережная көшесі бойынша 9-ғимаратқа дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
21) орталық стадион алаңы, Красивое ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 54, шекті толу нормасы 50 адам;
22) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Красивое ауылы,
Тәуелсіздік және Новая көшелерінің қиылысынан Тәуелсіздік көшесі бойынша орталық стадионға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
23) Строительная көшесі бойынша 32 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Красногорский кенті, шекті толу нормасы 25 адам;
24) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Красногорский кенті, Строительная және Ленин көшелерінің қиылысынан Строительная көшесі бойынша 32 ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 25 адам;
25) Центральная көшесі бойынша 1 ғимараттың жанындағы алаң, Московское ауылы, шекті толу нормасы 65 адам;
26) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Московское ауылы, Центральная және Производственная көшелерінің қиылысынан Центральная көшесі бойынша 1 ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 65 адам;
27) Мира көшесі бойынша 10 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Орловка ауылы, шекті толу нормасы 60 адам;
28) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Орловка ауылы, Мир және Целинная көшелерінің қиылысынан Мира көшесі бойынша 10 ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;
29) Обушко көшесі бойынша 1 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Свободный ауылы, шекті толу нормасы 60 адам;
30) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Свободный ауылы, Днепропетровская және Обушко көшелерінің қиылысынан Обушко көшесі бойынша 1 ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;
31) Школьная көшесі бойынша 14А ғимаратының жанында орналасқан алаң, Юбилейное ауылы, шекті толу нормасы 50 адам;
32) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Юбилейное ауылы, Механизаторская көшесі Школьная және Целинная көшелерінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
Есіл аудандық маслихатының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 16/2 шешіміне
3 қосымша
Есіл аудандық маслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 82/3 шешіміне
3 қосымша
Есіл ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес
аумақтардың шекаралары
Есіл ауданында көрсетілген объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекараларынан 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.