Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2021 жылғы 13 желтоқсан                                                                                                № 16/1

Есіл қаласы                                                                                                

 

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

Келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/3 «Есіл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. 2022 жылға арналған Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
  3. «Есіл ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
  4. Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 9/7 «Ақмола облысы Есіл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Есіл ауданының бюджетін қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссия құру туралы.
  6. Есіл аудандық мәслихатының шешімдерінің күшін жою туралы.

 

Есіл аудандық мәслихат

хатшысының уақытша

өкілеттілігін жүзеге асырушы                                                   Л. Клименко

Дата публикации
28 декабря 2021