2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

  Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

2021 жылғы  23 желтоқсан                                                                                       № 17/2

 Есіл  қаласы   

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5360493 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 610310 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 7232 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6852 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4736099 мың теңге;

2) шығындар – 5624733 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – (- 170661) мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттiк кредиттер – 4595 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 175256 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-93579) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 93579 мың теңге.

  1. Аудандық бюджетке әлеуметтік салықты бөлу нормативі 100 пайыз мөлшерінде ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте, облыстық бюджеттен 2875272 мың теңге сомасында субвенция көзделгені ескерілсін.
  3. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемдері 97609 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

         Ақсай ауылына – 8274 мың теңге;

         Бұзылық ауылдық округіне – 9768 мың теңге;

         Двуречный         ауылдық округіне – 5580 мың теңге;

         Жаныспай ауылдық округіне – 6256 мың теңге;

         Заречный ауылдық округіне         – 5388 мың теңге;

         Знаменка ауылына – 6327 мың теңге;

         Интернациональный ауылдық округіне – 2801 мың тенге;

         Қаракөл ауылдық округіне – 6654 мың теңге;

         Красивинский ауылдық округіне – 15833 мың теңге;

         Красногорский кентіне         – 6537 мың теңге;

         Московский ауылына – 6453 мың теңге;

         Орловка ауылына – 4193 мың теңге;

         Свободный ауылдық округіне – 9394 мың теңге;

         Юбилейный ауылдық округіне – 4151 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің түсімдерінің құрамында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес көзделгені ескерілсін.

Аудандық бюджет бойынша нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 5 қосымшаға сәйкес көзделгені ескерілсін.

Аудандық бюджет бойынша нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында облыстық бюджеттен Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджетiне 6 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер көзделгені ескерiлсiн.

Аудандық бюджет бойынша нысаналы трансферттердің көрсетiлген сомаларын бөлу Есіл ауданы әкiмдiгiнің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында республикалық бюджеттен Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджетiне 7 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер көзделгені ескерiлсiн.

Аудандық бюджет бойынша нысаналы трансферттердің көрсетiлген сомаларын бөлу Есіл ауданы әкiмдiгiнің қаулысымен белгіленеді.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке 175256 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттерді өтеу көзделгені ескерiлсiн, оның ішінде: жергiлiктi атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу – 175256 мың теңге.
  2. 2022 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 11867 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Есіл аудандық мәслихатының  хатшысы

 

С. Агымбаева

 

                                                                                            

Дата публикации
28 декабря 2021