Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2021 жылғы 26 қараша № 15/4
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының
2019 жылғы 11 қаңтардағы
№ 43/4 «Есіл ауданының учаскелік
сайлау комиссияларын сайлау туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына, 19 бабының 6 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Есіл аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 136/35 қаулысы негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/4 «Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне, Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 48/5, 2019 жылғы 13 мамырдағы № 50/6, 2019 жылғы 21 мамырдағы № 51/6, 2019 жылғы 31 қазандағы № 58/3, 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 60/4, 2020 жылғы 1 маусымдағы № 71/3, 2020 жылғы 17 маусымдағы № 72/5, 2020 жылғы 20 тамыздағы № 74/6, 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 75/6, 2020 жылғы 7 қазандағы № 77/2, 2020 жылғы 26 қазандағы № 78/3, 2021 жылғы 15 ақпандағы № 2/6, 2021 жылғы 19 наурыздағы № 4/4, 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 5/4, 2021 жылғы 13 мамырдағы № 6/8, 2021 жылғы 16 маусымдағы № 7/7, 2021 жылғы 19 қарашадағы 14/10 шешімдерімен енгізілген өзгерістерін ескере отырып, келесі өзгеріс енгізілсін:
учаскелік сайлау комиссиясының құрамына енгізілсін:
№ 437 - Сеитова Мейіргүл Ғабдүлмүтәләпқызы;
№ 448 - Антонюк Екатерина Владимировна.
- Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Есіл аудандық мәслихат
хатшысының уақытша
өкілеттілігін жүзеге асырушы Л. Клименко