Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2021 жылғы 19 қараша № 14/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/2 «2021-2023 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл ауданы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
- Есіл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы.
- Есіл ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы №8/7 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 8/9 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Есіл аудандық мәслихатының аппараты «мемлекеттік мекемесі туралы» ережені бекіту туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/3 «Есіл аудандық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/4 «Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Есіл аудандық
мәслихатының хатшысы С. Ағымбаева