Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерін орындауы туралы есебі

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

2021 жылғы 10 тамыз                                                                                             № 10/2

 Есіл  қаласы                                                                                              

 

 

Есіл ауданы әкімінің

өзіне жүктелген

қызметтері мен міндеттерін

орындауы туралы есебі  

 

 

          Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Мәжитұлы Саматовтың есебін тыңдап және талқылағаннан кейін аудандық мәслихат ауданның атқарушы органдарының қызметі халықтың экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтеді.

Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1587,8  млн. теңгені  құрады.  Өндірілген өнеркәсіп өнімінің  индексі өткен жылға қарағанда 115,0 % -ды құрады.

Өндірілген жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің  құны 3047,5 млн. теңге.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 100,6% - ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5262,5 млн.теңгені немесе 2020 жылға 153,8% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 911,7 млн. теңгені немесе 2020 жылға 187,4% құрады. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 50,9 млн.теңгені немесе 2020 жылға қарай 11,8% - ды құрады. 866 ш.м. немесе 2020 жылға қарай 25,9% тұрғын үй пайдалануға берілді.

2021 жылдың 1 шілдесіне салық түсімі 1347,3 млн. теңгені құрады немесе 1166,2 млн. теңге жоспар бойынша 115,5% - ға орындалды. Өсу қарқыны 117,9% құрады.

«Орловка» ЖШС және «Қалқаман» ЖШС-нің малын ауданнан тыс жерлерге қарызды өтеу есебінен өткізуіне байланысты, шығыс ІҚМ басы төмендеді және өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 96,5% құрады.

          Шошқа басының төмендеуі «Виктория» ШҚ концетрленген жемнің қымбаттығына және шошқа етін өндіруді субсидиялаудың тоқтатылуына байланысты шошқа санын 1000 басқа қысқаруына байланысты.

          Сүт өндірісі өткен жылдың деңгейіне 69,3% - ды құрайды, төмендеу Торғай АШТС сиырларының 90 басқа азаюына байланысты.

Жоғары тұрған бюджет қаражаты есебінен ауданның инфрақұрылымын дамытуға 679,08 млн. теңге бөлінді (418,18 млн.теңге игерілді). Соның ішінде Есіл қаласында инженерлік желілермен тұрғын үй сатып алу, «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК жарғылық капиталын ұлғайту,                   5 балалар спорттық-сауықтыру алаңдарын, Есіл қаласындағы вокзал жанындағы алаңды жайластыру және абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын жайластыру, Есіл қаласындағы орталық алаңды абаттандыру, қаладағы автомобиль жолдарын орташа және шұңқырлы жөндеу. Есіл, Свободное ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы, Ақсай ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту, «Красивое ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту» және «Знаменка ауылының су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту» жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу.

Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 01.07.2020 жылға 2,0% - ды, жалпы жұмыссыздық деңгейі 2,7% - ды құрайды. Есепте 272 жұмыссыз тұр.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы  «Мәслихат алдында әкімдер есебін жүргізу туралы» Жарлығына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н. М. Саматовтың есебі мақұлдансын.
  2. Мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру және экономиканың негізгі салаларының өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың оң жұмысын атап өту.
  3. Есіл қаласының, ауылдардың, ауылдық округтердің, Красногорск кентінің әкімдеріне, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:

- Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы аясында мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен индикаторларын сақтап және жақсартып отыру;

- азық-түлік тауарларына және алғашқы қажетті тауарларға бағаны өсіруге жол бермеу  жөнінде тиісті шаралар қабылдау;

- халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарына (жалғыз басты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға) көмек көрсету жөнінде жұмыс жүргізу; 

- есепте белгіленген инфрақұрылым объектілерінің жұмыс жүргізілуін және пайдалануға уақтылы тапсырылуын ерекше бақылауға алу;

- демографиялық және көші-қон процестерін талдау, әлеуметтік-экономикалық даму негізінде білім беру мекемелерін, су құбыры желілерін және кентішілік, қала аралық, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу көзделсін.

  1. Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                                С. Ағымбаева

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 августа 2021