Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 52/5 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

2021 жылғы 30 шілде                                                                                                 № 9/12

Есіл қаласы                       

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

2019 жылғы 29 мамырдағы № 52/5

«Есіл ауданы әкімдігі жанындағы

тұрғын үй комиссиясының

құрамын бекіту туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы 

 

 

        Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № а-7/143 қаулысының негізінде, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 мамырдағы № 6/10 енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 мамырдағы № 52/5 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

тұрғын үй комиссиясының құрамына Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Бахтияр Жайлаубайұлы Қасенов енгізілсін;

Александр Александрович Бирюков – «Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары сөздері Александр Александрович Бирюков – «Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы сөздеріне ауыстырылсын;

комиссия құрамынан Н.М. Саматов шығарылсын.;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                                С. Ағымбаева

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

 2021 жылғы 30 шілдедегі

№ 9/12 шешіміне

қосымша

 

    

Есіл ауданы  әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының

құрамы

 

Балжанов                                        Есіл ауданының әкімі,

Серік Мырзасейітұлы                    комиссия төрағасы

                                                   

Қасенов                                           Есіл ауданы әкімінің орынбасары,

Бахтияр Жайлаубайұлы                комиссия төрағасының орынбасары     

 

Нақбаева                                                  «Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық

Айман Ермаханбетқызы                шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы

 

Дауыс беру құқықтары бар комиссия мүшелері:

 

Айтмұхамбетов                                        Есіл қаласының әкімі

Ғазиз Мұхитұлы 

 

Аманжолов                                     «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімі

Жангелді Аманжолұлы                           аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқық жұмыстары бөлімі басшысы

 

Бектемірова                                    «Ақмола облысы Есіл ауданы

Ажар Арыстанбекқызы                           әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы

 

Бирюков                                          «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық

Александр Александрович                     шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы

 

Серікова                                                   «Есіл ауданының экономика және

Гүлнәр Дасмағанбетқызы              қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Дата публикации
17 августа 2021