Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/5 «Есіл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2021 жылғы 30 шілде                                                                                    № 9/6

Есіл қаласы                       

 

 

Есіл аудандық мәслихатының

2016 жылғы 21 маусымдағы

№ 5/5 «Есіл аудандық мәслихатының

регламентін бекіту туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/5 «Есіл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Есіл аудандық мәслихатының регламентінде, көрсетілген шешіммен бекітілген:

1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Есіл аудандық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және Есіл аудандық мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат) сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептер беру, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.»;

20 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«20. Мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерді қабылдауы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;

31 және 32 тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

«31. Мәслихат аудандық әкімінің есептерін тыңдау жолымен жергілікті бюджеттің, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

  1. Мәслихат «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы
    № 19 Жарлығына сәйкес сессияда аудан әкімінің есебін тыңдайды.

Аудан әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.

Әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені мәслихаттың қарауы үшін негіздер болып табылады:

1) аумақтарды дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы әкім ұсынған есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау Заңның 39-3-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.».

  1. 2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Есіл аудандық

мәслихатының хатшысы                                                             С. Ағымбаева

 

Дата публикации
17 августа 2021