О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 24 декабря 2020 года № 81/2 «О районном бюджете на 2021-2023 годы»

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2021 жылғы 30 шілде                                                                                            № 9/3

Есіл қаласы               

 

 

Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 81/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 81/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8307 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4578605 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 673130 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 17144,2 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16873 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3871457,8 мың теңге;

2) шығындар – 4615180,9 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – (- 60823) мың теңге, оның ішінде:

         бюджеттiк кредиттер – 4375 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 65198 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 72934 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 72934 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 48686,9) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 48686,9 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

хатшысы                                                                                       С. Ағымбаева

 

 

Дата публикации
17 августа 2021