Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/2 «2021-2023 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2021 жылғы 25 маусым                                                                                           № 8/2

 Есіл  қаласы            

 

Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы

 25 желтоқсандағы № 82/2 «2021-2023 жылдарға арналған

Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың

және ауылдық округтердің бюджеттері туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 8324 болып тіркелген ) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

            «1. 2021-2023 жылдарға арналған Есіл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 172439,9 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 55169 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 44 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 117226,9 мың теңге;

         2) шығындар – 175519,8 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (- 3079,9) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3079,9 мың теңге.»;

            көрсетілген шешімнің 1, 4, 22 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
28 июня 2021