Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №4/3 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптама кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

2021 жылғы 25 маусым                                                                                           № 8/4

 Есіл  қаласы            

 

 

Есіл аудандық мәслихатының 

2021 жылғы 19 наурыздағы

№4/3 «Есіл ауданы әкімдігі

жанындағы кәсіпкерлік мәселесі

жөніндегі сараптама кеңесінің

құрамын бекіту туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Есіл ауданы әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № а-12 шешіміне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 4/3 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптама кеңесінің құрамын бекіту туралы», келесі өзгеріс енгізілсін:

кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптама кеңесінің құрамына Есіл аудандық мәслихатының депутаты, кеңес мүшесі Сағатов Сейілбек Молдашұлы енгізілсін;

А. Қ. Ысқақов Есіл ауданының кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптама кеңесінің құрамынан шығарылсын.

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат                                        Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                   хатшысы

 

                     С. Жортымбаев                                   С. Ағымбаева

 

Есіл аудандық мәслихатының

2021 жылғы  25 маусымдағы  

№ 8/4 шешіміне

қосымша

 

Есіл ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік

мәселесі жөніндегі сараптама кеңесінің

құрамы

 

Әділбаев

Талғат Әсетұлы

 

«Есіл -2030» несие серіктестігінің

директоры, кеңес төрағасы

(келісім бойынша)

 

Баймұратов

Бекзат Сәментайұлы

Есіл аудандық мәслихатының депутаты, кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

 

Әлжанова

Камэла Серікқызы

«Ақмола облысы Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, кеңес хатшысы

 

сараптау кеңесінің мүшелері:

 

Артёмов

Александр Петрович

Есіл аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

 

Аманжолов

Жангелді Аманжолұлы

«Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы

 

Сағатов

Сейілбек Молдашұлы

Есіл аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

 

Югай

Руслан Вячеслалович

Ақмола облысы Есіл ауданының

кәсіпкерлер палатасы филиалының

директоры

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2021