Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2021 жылғы 25 маусым № 8/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты
ШЕШТІ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/2 «2021-2023 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 52/9 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №4/3 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі сараптама кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
С. Жортымбаев С. Ағымбаева