Есіл ауданы ауылдары, кенті және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Есіл аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Есіл ауданы ауылдары, кенті және ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Есіл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Есіл ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге:

- Ақсай ауылы әкімінің;

- Знаменка ауылы әкімінің;

 - Московский ауылы әкімінің;

 - Красногорский кенті әкімінің;

 - Бұзылық ауылдық округі әкімінің;

 - Заречный ауылдық округі әкімінің;

 - Қаракөл ауылдық округі әкімінің;

 - Красивинский ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Есіл ауданының ауылдары, кенті және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Есіл аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық "Есіл - инфо" газетінде жариялансын.

 

 

Есіл аудандық сайлау                                                                

комиссиясының төрайымы                                                          М. Әлібекова                                            

 

Есіл аудандық сайлау                                                                

комиссиясының хатшысы                                                   И. Буцкая

 

 

Есіл қаласы

25 маусым 2021 жыл                    

№  67/30

 

 

Дата публикации
28 июня 2021