Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2021 жылғы 16 маусым № 7/1
Есіл қаласы
Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 81/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4578604,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 673130 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17144 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16873 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3871457,8 мың теңге;
2) шығындар – 4615180,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (- 60823) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер – 4375 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 65198 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 72934 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 72934 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-48686,9) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 48686,9 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |