Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
2021 жылғы 16 маусым № 7/1
Есіл қаласы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты
ШЕШТІ:
Келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 81/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 ақпандағы №2/5«Есіл ауданы аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болу жағдайларына Есіл ауданының арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 мамырдағы №51/3 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы бюджетке мемлекеттік кірістердің түсімдерін ұлғайту мәселелері бойынша жұмыс комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 8/4 «Аудан бюджетін қалыптастыру жөніндегі ауданның бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 43/4 «Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
С. Жортымбаев С. Ағымбаева