ҚАУЛЫ
Есіл ауданы маслихатының тұрақты комиссиясы
Есіл қ. 19 наурыз 2021 жыл
Есіл қ. жол белгілерін
Орналастыру туралы
Әкімшілік практика тобының инспекторы, аға лейтенант В.Забутский ақпаратын тыңдап, аудандық маслихаттың депутаттары жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін, Есіл ауданының административті полиция бөлімі тұрақты түрде Есіл ауданы мен Есіл қаласы арқылы өтетін автожолдардың жағдайына байланысты мониторинг жүргізеді.
Есіл қаласында 215 жол белгісі орналасқан. Комиссиялық тексеру кезінде 40 жол белгісі ауыстыруға жататыны айқындалды.
Есіл қаласының кіреберісінде орналасқан «Басты жол» белгісін тасымалдау мәселесіне байланысты, «горбатый» көпірінен жүргізетін жол қосылатын болып табылады, сондықтан одан басты жол жасау – жол жүру қағидаларының бұзушылығы болып табылады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Басты жол» белгісі тасымалданбайды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес аудандық тұрақты комиссия қаулы етеді:
1) Есіл қаласының әкімшілігіне:
- бар жаяу жүргіншілер өтпелерінде кері бағытта орналасқан «жаяу жүргінші өткелі» белгілерін қайта орнату;
- қосымша 1.21 «Абайлаңыз балалар», сонымен қатар ақпараттық-көрсету белгілерін 5.16 және 5.16.2 сары жиекпен «жаяу жүргінші өткелі» жол белгілерін оқу орындары және бала-бақша қасында орнату;
- Есіл қаласының жол желісі учаскелерінде ақаулы жасанды жарықтандыруды қалпына келтіру;
2) Есіл қаласының әкімшілігі және Есіл ауданынң полиция бөліміне:
- Жеңіс көшесінде жаяу жүргіші жолдар және Жеңіс пен Абай көшелерінде жаяу жүргеншілер өткелін орнату мәселесін қарастыру.
Тұрақты комиссия мүшелері Л. Клименко
Б. Баймуратов