ҚАУЛЫ
Есіл ауданы маслихатының тұрақты комиссиясы
Есіл қ. 4 наурыз 2021 жыл
Есіл ауданында
уәкілетті органдар
қаңғыбас иттерді аулау және жою
жүргізіліп жатқан
жұмыс туралы
Ақмола облысының қалалары мен басқа елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес, Ақмола облысының ветеринария басқармасының Есіл ауданы бойынша ветеринария мәселелері жөніндегі өкілі С.Гаховтың және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Д. Зейнуллиннің ақпаратын тыңдап, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары уәкілетті органдардың осы бағытта белгілі бір жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өтеді.
2020 жылы және 2021 жылдың өткен кезеңінде Есіл қаласы, ауыл, ауылдық округтер, Красногор кенті әкімдерінің өтінімдері негізінде "Есіл ауданының Ветеринарлық станциясы" ШЖҚ КМК 920 қаңғыбас ит аулап, жойылды, 80 жеке тұлғаға әкімшілік жазалау шаралары (8 айыппұл, 72 ескерту) қолданылды.
Азаматтардың 2 өтініші қаңғыбас иттерді шағу фактілері бойынша келіп түсті.
2021 жылы полиция бөліміне қаңғыбас иттердің шабуыл жасау фактісі бойынша азаматтардан 2 өтініш келіп түсті, оның 1-і Есіл қаласында және 1-і Красивое ауылында.
Ағымдағы жылы Есіл ауданы бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды өткізу үшін облыстық бюджеттен 2,0 млн.теңге бөлінді.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Есіл қаласы, ауылдар, ауылдық округтер, Красногор кенті әкімдері берген тапсырыстарға сәйкес қаңғыбас иттерді аулау және жою жөніндегі учаскелік инспекторлармен бірлескен рейдтер ұйымдастыру;
3) аудандық полиция бөлімі Есіл қаласының, ауылдардың, ауылдық округтердің және Красногор кентінің әкімдерімен бірлесіп:
- халықпен профилактикалық әңгіме жүргізу мақсатында рейдтер өткізу мерзімдерін және олардың кезеңділігін айқындау;
- ЖШС және Ш/Қ басшыларымен Қағидаларға сәйкес олардың аумағында ұсталатын иттер мен мысықтарды ұстау қажеттілігі туралы жұмыс жүргізу;
- бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы ережелерді сақтау туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру;
4) Есіл қаласының әкіміне Есіл қаласының көп қабатты тұрғын үй массивтерінің маңында қаңғыбас иттер мен мысықтардың көп жиналуын болдырмау мақсатында:
- қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару мәселесін тұрақты бақылауда ұстау;
- көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережелері мен нормаларына сәйкес жертөлелерді, шатырларды және басқа да қосалқы үй-жайларды ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Тұрақты комиссия төрағалары: Л. Клименко
Б. Баймуратов