Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының №760 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әлі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 бабына сәйкес Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының аппараты №760 учаскелік сайлау комиссияның құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған учаскелік сайлау комиссиясына қатысты 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

  • белгіленген нысан бойынша электронды және қағаз нысанында сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы мәліметтер;
  • сайлау партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктердің), жоғары тұрған сайлау комиссияның тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімнің көшірмесі;
  • саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктердің);
  • белгіленген нысан бойынша сайлау комисслясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы кандидаттардың өтініштері;

Cайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер, сайлау комиссясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы кандидаттардың өтініштерінің нысандары маслихаттың сайтында жарияланған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылған барлық қағаз форматтағы құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған болуы және онда орындалған күнін, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

Ерейментау аудандық мәслихаты

 

М.Е. Әбжіков – аудандық мәслихат хатшысы

Мәслихаттың орналасқан жері: Ерейментау қаласы, А. Кұнанбаев көшесі, 121.

Жауапты тұлға – Сәуле Қазбекқызы Садықова, қалааралық телефон коды (8716 33) 2-21-92, ұялы телефоны 87751868775, электрондық пошта мекенжайы ermaslihat@yandex.kz

 

Ерейментау аудандық мәслихаты №760 учаскелік сайлау комиссияның мүшелерін сайлайды:

 

№ р/н

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

Учаскелік сайлау комиссиясы

1.                

№ 760

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Жеңіс көшесі, 6, Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі  «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

5

 

Ерейментау аудандық мәслихаты

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының №760 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
30 декабря 2022