1.Жетінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1) Жетінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
2) Ерейментау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
3) Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы №6С-14/6-17 «Ерейментау ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
4) Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы №5С-20/11-13 «Ерейментау ауданы бойынша тіршілік ету жағдайының қиын болуына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге талаптанған, тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5) 2023 жылға арналған Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
7) Ерейментау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 7С-19/2-21 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8) Ерейментау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №7С-20/2-21 «2022-2024 жылдарға арналған Ерейментау қаласының, ауылдардың және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.