2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау өтті.
Аудан бойынша тізімге 18 637 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 15 165 адам немесе 81,37 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 14 862 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 36 сайлаушы, дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде 462 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 5 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
Қазақстан Халық партиясы- 313 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,14 пайызы;
«Nur Otan» партиясы-11 471 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 78,51 пайызы;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-1 275 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,73 пайызы;
«ADAL» саяси партиясы-276 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,89 пайызы.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар мынадай болып белгіленді:
«Nur Otan» партиясы- 9 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-1 мандат.
Ерейментау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы