XXIX (кезектен тыс) сессия

1.Жетінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

  • Жетінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
  • Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
  • Ерейментау ауданы әкімдігінің жаныңдағы нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  • Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ерейментау ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы.
  • Ерейментау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №6С-35/3-19 «Ерейментау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  • Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы №6С-22/5-18 «Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  • Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 шілдедегі №5С-29/12-14 «Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  • Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамызындағы № 6С-14/7-17 «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияға жергілікті атқарушы орган өкілдерінің жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  • «Қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрғандарға әлеуметтік және басқа да көмекті ұйымдастыру жөніндегі Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органының дербес құрамын бекіту туралы» Ерейментау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы №6С-42/12-19 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  • Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға, сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрғандарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі.
Дата публикации
05 сентября 2022