1.Жетінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының он тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1) Жетінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының он тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
2) 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
3) Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №6С-57/3-20 «2021-2025 жылдарға арналған Ерейментау ауданын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» шешімін жою туралы.
4) Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.
5) Ерейментау ауданы Бозтал ауылының, Новомарковка ауылының, Қойтас ауылдық округінің, Еркіншілік ауылдық округінің, Тайбай ауылдық округінің, Торғай ауылдық округінің 2021 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларын бекіту туралы
6) 2022 жылға арналған Ерейментау аудандық мәслихатының жұмыс Жоспарын бекіту туралы.
7) Жетінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезекті сессиясында қарастыруға енгізілетін негізгі сұрақ туралы.