Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тұрақты комиссиялар

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы

 

12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi

  1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
  2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
  3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.

13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар

  1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады.
  2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
  3. Тұрақты комитеттерде көпшiлiктiк тыңдаулар өткізу тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.

14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi

  1. Тұрақты комиссиялар:

      1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзуге;

      2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;

      3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;

      4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;

      5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.

  1. Әкiмдік, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
  2. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртiбi

  1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.
  2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.

      Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комитеттiң төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

  1. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Документы
Қаулы
29 сентября 2026
Сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы
Қаулы
29 сентября 2026
«Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау мәселелері жөніндегі есебі
Қаулы
29 сентября 2026
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің және тұрғын үй қорының жылыту маусымына дайындық барысы туралы
Новости
Полезные материалы
Тұрақты комиссиялар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Ерейментау ауданының мәслихаты
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы