Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және Есік қаласы мен ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары мен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы» 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-69 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 25984 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.