Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының жаңадан құрылған учаскелерінің сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, жаңадан құрылған 4 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 23 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 23 желтоқсан сағат 17:30-ға дейін жүзеге асырылады. Құжаттар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ға дейін, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, 21 а, 319-кабинет, электрондық пошта: maslihat777@mail.ru, қызметтік телефон: (8-727-75) 7-25-55 мекенжайы бойынша қабылданады.
Кейбір сайлау комиссияларындағы бос орындардың саны туралы ақпарат
|
Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы (24 бос орын) |
|||
|
№ р/с |
УСК № |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Мүшелерінің саны |
|
1. |
№ 1035 |
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылдық округі, Бөлек ауылы, Астана көшесі нөмірсіз құрылыс, «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Бөлек ауылының Мәдениет Үйінің ғимараты. |
7 |
|
2. |
№ 1036 |
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бәйтерек ауылы, Мира көшесі № 55 А құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
7 |
|
3. |
№ 1037 |
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, «Есік-Александровка» тас жолы 8 км № 4 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлихан Бөкейханов атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты. |
7 |
|
4.
|
№ 1038 |
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылдық округі, Шелек ауылы, Бижанов көшесі № 91 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Х. Бижанов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты спорт залы. |
7 |
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ахметов