Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 10-бабының  3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы      23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес сайлансын.

2. Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес сайлансын.

3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдері жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

5. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат төрағасы                                              Б. Ахметов

Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы
Дата публикации
05 января 2024