"Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес "Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сатыбалдиев Беглан Билибайұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы Б. Ахметов

 

"Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Дата публикации
18 июля 2023