Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссиялары мен жаңадан құрылған учаскелерінің сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 28 округтік сайлау комиссияларының және жаңадан құрылған 3 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы – Б.Т.Ахметов.
Жауапты тұлға – Сатыбалдиев Беглан Билибайұлы, № 317 каб., қалааралық телефонкоды (872775), қызметтік телефон: 72333, ұялы телефон: 87077211091, электрондық пошта: maslihat777@mail.ru
|
№ р/с |
Сайлау округінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Округтік сайлау комиссиялары – 28 |
|||
|
1. |
№1 |
Орталығы: Есік қаласы, Райымбек батыр көшесі № 44 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Райымбек батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
2. |
№2 |
Орталығы: Есік қаласы, Абай көшесі № 231 а Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Р.Тоқатаев атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
3. |
№3 |
Орталығы: Есік қаласы, Алматы көшесі № 37 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
4. |
№4 |
Орталығы: Есік қаласы, Абай көшесі № 138 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абылай хан атындағы № 4 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
5. |
№5 |
Орталығы: Ават ауылы, Ибдиминов көшесі № 15 а Құрылыс," Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі "мемлекеттік мекемесінің" О.Мұхаммеди атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
6. |
№6 |
Орталығы: Ақши ауылы, Бөлек батыр көшесі № 56 б Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бөлек батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
7. |
№7 |
Орталығы: Қызылшарық ауылы, Мақсұтов көшесі № 15 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М. Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
8. |
№8 |
Орталығы: Балтабай ауылы, Мектеп көшесі № 1 А Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Балтабай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
9. |
№9 |
Орталығы: Бөлек ауылы, Достық көшесі № 16 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Горький атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
10. |
№10 |
Орталығы: Бәйдібек би ауылы, М. Байболов көшесі № 244 б Құрылыс," Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі "мемлекеттік мекемесінің" Т.Әубәкіров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
11. |
№11 |
Орталығы: Жаңашар ауылы, П. Күзиев көшесі № 69 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
12. |
№12 |
Орталығы: Қазақстан ауылы, Ж.Қайыпов көшесі № 8 А Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Қайыпов атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
13. |
№13 |
Орталығы: Қаражота ауылы, А. Иманов көшесі № 17 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Момышұлы атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
14. |
№14 |
Орталығы: Қаракемер ауылы, А.Тастанбеков көшесі № 11 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қ.Орымбетов атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
15. |
№15 |
Орталығы: Қаратұрық ауылы, Желтоқсан көшесі № 10 а Құрылыс," Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі "мемлекеттік мекемесінің" А. Саттаров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
16. |
№16 |
Орталығы: Көктөбе ауылы, Нұрманбетов көшесі № 55 а Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көктөбе орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
17. |
№17 |
Орталығы: Қорам ауылы, Зарватова көшесі № 46 Құрылыс," Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі "мемлекеттік мекемесінің" Қорам орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
18. |
№18 |
Орталығы: Бәйтерек ауылы, Мир көшесі № 55 а Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
19. |
№19 |
Орталығы: Бижанов ауылы, Шамсутдин көшесі нөмірсіз Құрылыс, " Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі "мемлекеттік мекемесінің" М.Мақатаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
20. |
№20 |
Орталығы: Саймасай ауылы, А. Байтұрсынов көшесі № 26 а Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі "мемлекеттік мекемесінің" А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
21. |
№21 |
Орталығы: Қайназар ауылы, Алматы көшесі № 71 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
22. |
№22 |
Орталығы: Өрікті ауылы, Есік-Александровка тас жолы 6 км, № 1 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Рахат ауылдық округінің № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
23. |
№23 |
Орталығы: Тескенсу ауылы, Қалдыбаев көшесі № 1 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
24. |
№24 |
Орталығы: Түрген ауылы, Желтоқсан көшесі № 97 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Ломоносов атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
25. |
№25 |
Орталығы: Түрген ауылы, Д.Қонаев көшесі № 2 құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Д.Қонаев атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
26. |
№26 |
Орталығы: Шелек ауылы, Жібек Жолы көшесі № 47 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Розыбакиев атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
27. |
№27 |
Орталығы: Шелек ауылы, Әбдікәрімов көшесі № 62 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шелек ауылының гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
28. |
№28 |
Орталығы: Шелек ауылы, Бижанов көшесі № 91 Құрылыс, "Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Х.Бижанов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары – 3 |
|||
|
№ |
СУ |
Орналасқан жері |
*** |
|
1 |
№ 966 СУ |
Ақши ауылы, Бөлек батыр көшесі № 56 Б құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бөлек батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының фойесі. |
*** |
|
2 |
№ 988 СУ |
Есік қаласы, Р. Тоқатаев көшесі № 105 құрылыс, «Алматы облысы полиция департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің уақытша ұстау изоляторының ғимараты. |
*** |
|
3 |
№ 989 СУ |
Шелек ауылы, Б. Момышұлы көшесі № 97 құрылыс, «Алматы облысы полиция департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Шелек полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының ғимараты. |
*** |