Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының № 20 хаттамалық қаулысы
Өткен орны: Есік қаласы, мәслихаттың мәжіліс залы
Өткен күні мен уақыты: 2022 жылғы 24 қараша, сағат 10.00
Қатысқан мәслихат депутаттары: 20 адам
(5 депутат түрлі себептермен қатыса алмады)
Шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасары Ә.Смағұлов, бөлім басшылары, БАҚ өкілі.
Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына мәслихат хатшысы Б.Ахметов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
КҮН ТӘРТІБІ:
1.Еңбекшіқазақ ауданының 2022 жылдың 10 айындағы аудандық бюджетінің және Есік қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы және 2023 жылға аудандық бюджеттің жоспарлануы туралы.
2. Еңбекшіқазақ ауданындағы жастар саясатын дамыту бойынша 2022 жылдың есепті кезеңінде атқарылған жұмыстары туралы.