Шешімнің жобасы
Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 07 тамыздағы № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Мыналар:
1) Есік қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
2) Ават, Ақши, Асы, Балтабай, Бартоғай, Бәйдібек би, Бәйтерек, Бөлек, Жаңашар, Көктөбе, Қазақстан, Қаражота, Қаракемер, Қаратұрық, Қорам, Қырбалтабай, Малыбай, Масақ, Рахат, Саймасай, Сөгеті, Ташкенсаз, Тескенсу, Түрген және Шелек ауылдық округтерінің (бұдан әрі – ауылдық округі) жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" 2021 жылғы 25 тамыздағы №9-49 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Беглан Билибайұлы Сатыбалдиевке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Ахметов |