Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттының хатшысы мен VII шақырылым депутаттарының қабылдау кестесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19 бабы 2-тармағы 7) тармақшасына және 20 бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес ӨКІМ ЕТЕМІН:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысының жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесі төмендегідей бекітілсін:
Қабылдау күндері: дүйсенбі - бейсенбі
Қабылдау уақыты: сағат 09:00-ден – 17:30-ға дейін
Мекен-жайы: 040402 Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, № 21 «а» үй, 3 қабат, № 317-319 кабинет.
Электрондық пошта: maslihat777@mail.ru
Байланыс телефоны :8/72775/ 7-25-55
2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VII-шақырылым депутаттарының қабылдау кестесі осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. «Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесін бекіту туралы» Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысының 2021 жылдың 8 ақпандағы № 5-ө-н/қ өкімі жойылсын.
4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың аппаратына жүктелсін.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Ахметов