Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай селолық округіндегі Күш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай селолық округіндегі Күш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 2112 қаулысы және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 41-4 шешімі.

Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 3005 болып тіркелді

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай селолық округіндегі Күш ауылының жанында орналасқан 5,2 га жер телімі Күш ауылына қосылып, Күш ауылының шекарасы (шегі) 5,2 га өзгертілсін.
      2. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихатының шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тоқбергенұлы Бекетаевқа және аудандық мәслихатының "Заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Ысқақ
      Аудандық мәслихаттың
      41-сессиясының төрайымы А.Газиева
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Ә. Талқамбаев
Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай селолық округіндегі Күш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Дата публикации
19 ноября 2014