Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы

 

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы  хабарлайды.

    Учаскелік сайлау комиссияларының құрамында 38 бос орын.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 10 қазанға дейін  мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша учаскелік сайлау комиссия құрамына кандидатура туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) учаскелік сайлау комиссияның құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Учаскелік сайлау комиссияның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау  2026 жылғы 25 қыркүйектен 9 қазан аралығында  дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ға дейін жүзеге асырылады.

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы Б.Ахметов

Мәслихаттың орналасқан жері: Есік қаласы, Жамбыл көшесі 21А, 3 қабат, 319 кабинет

Жауапты тұлғалар –Тастаганова Мадина Жанатовна, каб. № 319, қалааралық телефон коды (8-72775),  қызметтік және ұялы телефондар 7-25-55+7 777 577 7703, электрондық пошта maslihat777@mail.ru.

 

 

Келесі сайлау комиссияларынының құрамына өзгерістер енгізіледі (бос орындарға жаңа мүшелер сайланады)

 

 

№ р/н

№

УСК

Сайлау учаскесінің орналасқан жері

Бос орындар саны

1.       

119

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Райымбек батыр көшесі № 44 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

2.       

120

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі № 98 құрылыс, «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «А. Мәлкеев атындағы Есік мамандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

3.       

122

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі № 231 А құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Р. Тоқатаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

4.       

124

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі № 320 құрылыс, «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» коммуналдық қазыналық мекемесі

2

5.       

125

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Набережная көшесі № 161 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№6 қазақ орта мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

6.       

127

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Астана көшесі № 1 құрылыс, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министілігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің «Іле-Алатау аумақтық пайдалану-техникалық басқармасы» филиалы

1

7.       

129

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі № 231 А құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Р. Тоқатаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты

1

8.       

139

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Асы ауылдық округі, Жаңашаруа ауылы, Т. Одаманов көшесі нөмірсіз құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңашаруа орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

9.       

145

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округі, Ақбастау ауылы, Береке көшесі № 11 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақбастау орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

10.   

150

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылдық округі, Бәйдібек би ауылы, Балағозов көшесі № 2 А құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н. Островский атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

11.   

151

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылдық округі, Бәйдібек би ауылы, М. Байболов көшесі № 244 Б құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т. Әубәкіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

12.   

157

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылдық округі, Ащыбұлақ ауылы, А. Бубенцов көшесі № 1 Б құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А. Бубенцов атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

13.   

165

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылдық округі, Қаракемер ауылы, А. Тастанбеков көшесі № 5 А құрылыс, «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қаракемер ауылының Мәдениет Үйі

1

14.   

166

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылдық округі, Талдыбұлақ ауылы, Жаманғараев көшесі нөмірсіз құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдыбұлақ орта мектебі - мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

15.   

170

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық ауылдық округі, Тауқаратұрық ауылы, Самсыбеков көшесі № 1 В құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Садық Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

16.   

186

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бәйтерек ауылы, Школьная көшесі № 51 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Әл-Фараби атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты

1

17.   

190

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бартоғай ауылдық округі, Байсейіт ауылы, Юнус Хамра көшесі № 3 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«И. Таиров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

18.   

196

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылдық округі, Амангелді ауылы, А. Ушуров көшесі № 7 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Садыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

19.   

200

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Қайназар ауылы, Алматинская көшесі № 70 Б құрылыс, «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қайназар ауылының Мәдениет Үйі

1

20.   

209

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылдық округі, Тескенсу ауылы, Қалдыбаев көшесі № 1 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

21.   

212

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық округі, Түрген ауылы, Д. Қонаев көшесі № 2 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Д. Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

22.   

213

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық округі, Түрген ауылы, Князбаев көшесі № 59 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«А. Жексембеков  атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

23.   

214

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық округі, Түрген ауылы, Желтоқсан көшесі № 97 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«М. Ломоносов  атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

24.   

216

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық округі, Түрген ауылы, Құланаян Құлманбет көшесі № 45 Д құрылыс, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасцы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Түрген алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсету орталығы

1

25.   

217

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық округі, Таутүрген ауылы, Бөркеев көшесі № 3 құрылыс, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Таутурген негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

26.   

227

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылдық округі, Шелек ауылы, Абдикаримов көшесі № 62 Г құрылыс. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шелек ауылындағы гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

27.   

988

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Р. Тоқатаев көшесі № 105 құрылыс, «Алматы облысы полиция департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі

4

28.   

989

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылдық округі, Шелек ауылы, Б. Момышұлы көшесі № 97 құрылыс, «Алматы облысы полиция департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Шелек полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы

2

 

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың төрағасы                      Б.Ахметов

 

 

Дата публикации
25 сентября 2026