GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Мәслихат туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
VIII шақырылым депутаттары
01 октября 2026
Құрметті егiндiкөлдiктер, аға буын өкілдері!

Құрметті егiндiкөлдiктер, аға буын өкілдері!

1 қазан – еліміздің барлық өңіріндегідей, ауданымызда да Қарттар күні атап өтіледі. Бұл мереке қоғамымызда үлкен өмір жолынан өтіп, адал еңбегімен елдің құрметіне бөленген, еліміздің өндірістік, ғылыми және мәдени әлеуетін қалыптастыруға белсенді үлес қосқан жандарды ұлықтайтын айтулы күн ретінде кеңінен мойындалған.

Бүгінде құрметті еңбек демалысында болсаңыздар да, сіздер әлі де белсенді өмірлік ұстанымдарыңызбен ерекшеленіп, мол білімдеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңізді жас ұрпаққа беруге дайынсыздар.

Отанымыздың игілігі жолындағы адал да абыройлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бейбітшілік пен жылулық, ұзақ ғұмыр және өмірдің барша қуанышын тілеймін!

 

Құрметпен,  Егіндікөл аудандық

мәслихатының төрағасы Қ.Шынтеміров

Сайлау
29 сентября 2026
Саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына

Саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағы негізінде Егіндікөл аудандық мәслихаты жоғарыда аталған Заңның 19-бабының 6-тармағында көзделген негіздер бойынша шығып қалған сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау өткізеді:

құрамына:

№1 округтік сайлау комиссиясы, Бауманское ауылы – 1 адам;

№382 учаскелік сайлау комиссиясы, Көркем ауылы – 3 адам;

№379 учаскелік сайлау комиссиясы, Егіндікөл ауылы – 1 адам;

№383 учаскелік сайлау комиссиясы, Буревестник ауылы – 1 адам;

№388 учаскелік сайлау комиссиясы, Жалманқұлақ ауылы – 1 адам;

№391 учаскелік сайлау комиссиясы, Бауманское ауылы – 2 адам;

№758 учаскелік сайлау комиссиясы, Егіндікөл ауылы – 1 адам.

Осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде аудандық мәслихат тиісті өкілеттіктері бар саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және олардың құрылымдық бөлімшелерінен сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралардың ұсыныстарын қабылдайды, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан аудандық мәслихатқа нақты сайлау комиссияларына ұсынылатын кандидатуралардың тізімдерін оларға қоса бере отырып, жібереді:

1) Жарғыға сәйкес тиісті өкілеттіктері бар саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестік органының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды беру туралы отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;

2) саяси партияны немесе өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

3) аудандық мәслихатқа кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші және өмірбаяндық деректері.

Әрбір саяси партия немесе оның құрылымдық бөлімшелері тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссияларына ұсынылған кандидатуралардың Қазақстан Республикасының азаматтығы болуға және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 19-бабы 2-1, 9, 10-тармақтарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссияларына кандидатуралар бойынша ұсыныстар мына мекенжайға жіберілсін:

020600 Егіндікөл аудандық мәслихаты

Победы көшесі,6

Егіндікөл ауылы,

Егіндікөл ауданы,

Ақмола облысы.

Жауапты тұлға-Алпыспаева Гүлмира Маратқызы, қалааралық телефон коды (871642),   телефон   нөмірлері:   қызметтік: 2-17-18, 2-16-17

ұялы 8747 461 00 73

 

электрондық пошта мекенжайы: egindykol_masl@aqmola.gov.kz.

VIII шақырылым депутаттары
28 сентября 2026
Хабарландыру

Хабарландыру

 

2026 жылғы 28 қыркүйек сағат 16.00 – де Facebook платформасында онлайн-трансляция режимінде VIII шақырылған Егіндікөл аудандық мәслихатының кезектен тыс 45 сессиясы өтеді

https://www.facebook.com/profile.php?id=100053669980397

VIII шақырылым депутаттары
28 сентября 2026
Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

     

Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары

               мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару   және  өзін-өзі   басқару   туралы» Заңының  10 бабының  3 тармағына сәйкес 2026 жылдың 28 қыркүйек  күні сағат 16.00-де Егіндікөл ауылында  сегізінші  шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезектен тыс 45 сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына енгізілетін негізгі мәселе:

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С35-2 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Придан Светлана Васильевна – «Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Егіндікөлаудандықмәслихатының2024жылғы31қаңтардағы№8С16-2 «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінеөзгерістерментолықтыруенгізутуралы.

Баяндамашы: Муллаянова Галина Сергалиевна – «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Аудандық мәслихаты депутаттарының келуі сағат 15.30.

Егіндікөл аудандық мәслихат сессиясының Онлайн көрсетілімі Facebook платформасында

https://www.facebook.com/profile.php?id=100053669980397   өткізіледі.

 

                                                                                  Қ. Шынтеміров,  Егіндікөл

аудандық  мәслихатының 

 төрағасы

              

VIII шақырылым депутаттары
21 сентября 2026
Хабарландыру

Хабарландыру

2026 жылғы 22 қыркүйек сағат 11.00 – де Facebook платформасында онлайн-трансляция режимінде VIII шақырылған Егіндікөл аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өтеді

https://www.facebook.com/profile.php?id=100053669980397

 

VIII шақырылым депутаттары
21 сентября 2026
Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары

               мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 22 қыркүйекте сағат 11:00-де Егіндікөл ауылында Егіндікөл аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс 44-сессиясы ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына негізгі мәселе енгізіледі:

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.

Егіндікөл аудандық мәслихатының сессиясы онлайн режимде Facebook платформасында тікелей https://www.facebook.com/profile.php?id=100053669980397  көрсетіледі.

 

                                                                                  Қ. Шынтеміров,  Егіндікөл

аудандық  мәслихатының 

 төрағасы

18 сентября 2026
«Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

ЖОБА

 

«Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Егіндікөл аудандық мәслихаты мен оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, сондай-ақ депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.
  2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
  3. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Егіндікөл аудандық мәслихаты төрағасының өкімімен, Егіндікөл аудандық мәслихаты аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6.
  10. Осы Ереже «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері:

1) аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;

2) аудандық мәслихаттың нормашығармашылық қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету;

3) мәслихат қызметінің жариялылығын, ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету;

4) аудандық мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және шаруашылық қызметін жүргізу;

5) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтерді, сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісімдерді, сондай ақ сессиялар мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзге де құжаттарды сұратуға;

аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

депутаттық сауалдар мен депутаттық ұсыныстардың уақтылы қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерге сұрау салулар жіберуге;

аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштерінің қаралу мерзімдері мен қаралу нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыруға;

2) міндеттері:

өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етуге;

аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдарға және мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсетуге;

мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етуге.

  1. Функциялары:

1) мәслихат жұмысының жоспарлануын ұйымдастырушылық қамтамасыз

ету: отырыстар кестесін қалыптастыру, сессияларға қатысушыларды уақтылы хабардар ету және мәслихаттың жұмыс топтары мен тұрақты комиссияларының

қызметін үйлестіру;

2) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау және талдау, өз қызметі туралы аудандық мәслихат депутаттарының алдында есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;

3) құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сессиялар мен комиссиялар отырыстарын хаттамалау, аудио-бейнетіркеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс және қорытынды материалдарды дайындау, көбейту және тарату;

4) мәслихат шешімдері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу;

5) қабылданған нормативтік шешімдерді мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына жолдауды қамтамасыз ету;

6) шешімдер жобалары мен депутаттық сауалдарды дайындау кезінде депутаттарға құқықтық көмек көрсету;

7) соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда мәслихат пен оның аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;

8) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдер жобаларын әзірлеуге бақылау жүргізу;

9) саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдау, жинау және тексеру рәсімдерін ұйымдастыру;

10) аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы, сондай-ақ комиссия мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда олардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау;

11) сайлау комиссияларын қалыптастырудың заңда белгіленген рәсімдері мен мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, кандидаттардың сайлау заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;

12) мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және өкілді органның бірыңғай интернет-ресурсының өзектендірілуін қамтамасыз ету;

13) мәслихат төрағасы мен депутаттардың жеке қабылдауын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларын есепке алуды, тіркеуді және қаралуын бақылауды жүзеге асыру;

14) депутаттарға сайлау округтері тұрғындары алдында міндетті жария есептерін дайындауға және өткізуге жәрдем көрсету;

15) қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылаудың өзге де нысандарын өткізуді қамтамасыз ету;

16) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілікті қалыптастыру;

17) мәслихат пен оның аппаратының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу;

18) кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру;

19) құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін, құжаттардың мұрағаттық сақталуын қамтамасыз ету;

20) аудандық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;

21) сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы – мәслихат аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Мәслихат аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:

1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

7) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

8) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу туралы және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясы төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды;

11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
VIII шақырылым депутаттары
17 сентября 2026
Егіндікөл аудандық мәслихатының сессиясында бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Егіндікөл аудандық мәслихатының сессиясында бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Егіндікөл ауданында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, оның барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Сессияның негізгі мәселелерінің бірі – Егіндікөл ауданының әкімі Юрий Викторович Курушиннің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі болды. Баяндама барысында аудан әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстар, жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы және алдағы кезеңдегі негізгі жұмыс бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ депутаттар Спиридонов ауылдық округінің әкімі Айтан Қабдулбариевич Башеновтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдады. Бұл мәселені қарау барысында ауылдық округтің жергілікті маңызы бар мәселелерін шешу және тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтылды.

Сессия күн тәртібінде бюджеттік жоспарлау мәселелеріне де ерекше орын берілді. Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Васильевна Придан 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселені таныстырды.

Бюджеттік мәселелерді қарау аудандық мәслихат жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Себебі бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және бөлу аудан инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік сала нысандарын ұстауға және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Күн тәртібіндегі мәселелердің қатарында Егіндікөл ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту мәселесі де қаралды. Аталған комиссия аудан аумағында терроризмнің алдын алу және осы бағыттағы іс-шараларды үйлестіру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар депутаттар 2022 жылғы 24 наурыздағы № 7С18-5 «Егіндікөл ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларды өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімге өзгеріс енгізу мәселесін қарады.

Сессия соңында Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер талқыланды.

Сессия қорытындысы бойынша қаралған мәселелердің әрқайсысына қатысты тиісті шешімдер қабылданды. Аудандық мәслихаттың жұмысы ауданның өзекті мәселелерін ашық талқылауға, жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған.

17 сентября 2026
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың ережелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар тарапынан жиі туындайтын сұрақтарға жауап беру мақсатында ақпараттық бейнероликтер әзірленді.

https://drive.google.com/drive/folders/1Ww08ks79P-W9o4Ux3bv-Y_6ArVQQ7EVJ

 

VIII шақырылым депутаттары
09 сентября 2026
Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары

               мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару   және  өзін-өзі   басқару   туралы» Заңының  10 бабының  3 тармағына сәйкес 2026 жылдың 15 қыркүйек күні сағат 11.00-де Егіндікөл ауылында  сегізінші  шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезекті 43 сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына енгізілетін негізгі мәселе:

  1. Егіндікөлауданыәкімініңөзіне жүктелген функцияларменміндеттердіңорындалуытуралыесебітуралы.

Баяндамашы:КурушинЮрийВикторович-Егіндікөлауданыныңәкімі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы сағат 10.00-де өтеді.

  Егіндікөл аудандық мәслихат сессиясының Онлайн көрсетілімі Facebook платформасында

https://www.facebook.com/profile.php?id=100053669980397   өткізіледі.

 

                                                                                  Қ. Шынтеміров,  Егіндікөл

аудандық  мәслихатының 

 төрағасы

 

                       

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы