Егіндікөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Ю.В. Курушиннің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Егіндікөл ауданының әкімі Ю.В. Курушинге:
- жоспарланған жобаларды іске асыруға бюджет қаражатын толық және тиімді игеру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау;
- азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту және аудан халқының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру;
- халықтың демалуы үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жандандыру және ұсақ бөлшек сауда мен қызметтердің дамуын қамтамасыз ету;
- елді мекендерді, сондай-ақ Егіндікөл аудан орталығын абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыру;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшыларымен және шаруа қожалықтарының басшыларымен бірлесіп ағымдағы жылғы егін жинау жұмыстарын ұйымдастырылған және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету;
-жаңаөндірістерашуменжәнетұрақтыжұмысорындарынқұруменинвестициялықжобалардытарту бойынша жұмыстыжалғастыру.
2) Егіндікөл ауданының әкімдігіне:
- ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты жалғастыру;
- мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
3) ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдеріне:
- бақылауды қамтамасыз ету және мақсатты және жауапкершілікті арттыру бюджет қаражатын тиімді игеру;
- 2025-2026 жылдардағы жылу маусымының сапалы өткізілуін бақылауға алу.
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров