Отырыстарға қатысу үшін байқаушылар тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру
Егіндікөл аудандық мәслихаты хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 10-тармағына сәйкес Егіндікөл ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысу үшін байқаушылардың тізімін қалыптастырады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар қатысуға жіберіледі.
Байқаушы ретінде қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін жергілікті деңгейдегі жергілікті өкілді органға өтініш береді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 15 қаңтардан бастап 21 қаңтарды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Пошталықмекенжайы: «Егіндікөлаудандықмәслихатыныңаппараты»ММ,индексі020600,Ақмолаоблысы,Егіндікөлауылы, Победа көшесі 6,жұмыстелефондары:8(71642)21617,8(71642)21718.
Электрондық пошта мекенжайы: egindykol_masl@aqmola.gov.kz
Жұмыс режимі: «Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ, сағат 9.00 – ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері-сенбі, жексенбі.
Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
2-қосымша
Нысан
|
|
|
|
|
Кімге Егіндікөл аудандық мәслихаты |
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы «____» Өтініш берушінің қолы ___________