«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.11-06.12.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 07.12.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 11.12.2024
Эссе:
Сұхбат: 17.12.2024
Анықтама телефоны: 87164221617
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 226837
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Блок Б, грейд 3
Лауазым атауы:
Егіндікөл аудандық мәслихаты аппаратының жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
Функционалдық міндеттері:
Аудандық мәслихат аппаратында құжаттауды және іс жүргізуді жүзеге асыру. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) жұмысты жүзеге асыру. Аудандық мәслихаттың сессияларына, тұрақты комиссиялардың отырыстарына құжаттарды дайындау және хаттамаларды ресімдеу. Аудандық мәслихат сессияларының отырыстарын өткізу тәртібін жасау, сессиялар отырыстарының хаттамаларын ресімдеу. Аудандық мәслихаттың ведомстволық мұрағатын жүргізу. Егіндікөл ауданының мұрағатына тапсыруға құжаттарды өңдейді және дайындауды қамтамасыз етеді. Мәслихат аппараты істерінің жиынтық номенклатурасын жасау. Мемлекеттік тілде құжат айналымы мониторингі бойынша тоқсан сайынғы есептілікті ұсыну. Мәслихат сессияларында айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстардың есебін жүргізу және олардың орындалу барысы. Депутаттарға олардың депутаттық өкілеттіктерін орындауға әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Аудандық мәслихат басшылығы айқындаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика салаларында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4028640566